05
май
2021
«Жастар» тобы жасаған «Табиғатты аяла да, бағала» плакаты жіберілді.
2021 жылы 30 апрель күні №1 Оқушылар үйінде қашықтық форматта өткізілген аудандық үздік плакаттар байқауына М. Хамраев атындағы №150 ЖББ мектептың «Жастар» тобы жасаған «Табиғатты аяла да, бағала» плакаты жіберілді. Топтың көз қарасы бойынша, суреттегі ой-пікір, қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктер, табиғатты сүюді, қорғауды, табиғат-Анаға сүйіспеншілікпен қарауды үйретеді.
Табиғат адамзаттың, жалпы тіршілік атаулының ежелден өмір сүріп келе жатқан ортасы, алтын бесігі. Табиғат-сұлулықтың таусылмас көзі.Сол үшін оған қамқорлық керек. Адам табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарап, үйлесімділік сақталғанда, адамзат баласы үшін табиғат – кең сарай мәңгі тозбас құтты қоныс болатынын ешқашан ұмытпайық жәнеде оны аялау да, бағалау да керек!