Соңғы қоңырау » КГУ "Общеобразовательная школа №150 им.М.Хамраева
Алматы қаласы Управления образованияның
«Общеобразовательная школа №150 имени "М.Хамраева»
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 245-59-10
Бухгалтерия
+7(727) 245-02-12
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих
25
май
2024
  • 0

Соңғы қоңырау

М.Хамраев атындағы 150 ЖББ мектепте «Соңғы қоңырау» салтанатты кеші өтті. Балалық шақпен қоштасып, үлкен өмірге жолдама алған келесі бір топ түлектер соңғы қоңыраудың үнін естіп, мектеп вальсін билеп, үлкен өмірге қадам басса, келесі мектеп оқушылары сыныптан сыныпқа көшіп, ақылдарына ақыл қосты. Салтанатты жиында Қазақстан Республикасының Гимні орындалып, мемлекеттік Ту ортаға әкелінді.Мектеп директоры Имашев Мухидин Абдухелилұлы жиынды ашу барысында жиналған қауымға құттықтау сөзін айтып, биылғы оқу жылында үздік нәтиже көрсеткен мұғалімдер мен оқушыларды марапаттап, мектеп бітіруші түлектер мен оқушыларға ізгі тілегін тіледі.
Одан бөлек БеНТ акционерлік қоғам презеденті Кузиев Дильмурат Пирмухамедович келіп, түлектерімізді құттықтап,2023-2024 оқу жылында жақсы оқыған көпбалалы отбасылардың ішінен 2 оқушыға грант тапсырды. Сондай ақ, Шапағат ауылының белсенділері салатанатты іс-шарамызға қатысып,мектеп директоры мен ұжымға алғыстарын айтса, мектепте көп жылдар қызмет етіп, еңбек демалысына кеткен Зиямова Мунира Тохтиходжаевна сөз сөйлеп жақсы оқығаны үшін 4 оқушыға стипендия тапсырды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: