"Жігіт сұлтаны - 2024" байқауы » КГУ "Общеобразовательная школа №150 им.М.Хамраева
Алматы қаласы Управления образованияның
«Общеобразовательная школа №150 имени "М.Хамраева»
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 245-59-10
Бухгалтерия
+7(727) 245-02-12
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих
12
январь
2024
  • 0

"Жігіт сұлтаны - 2024" байқауы

12.01.2024 күні Алматы қаласы Алатау ауданы бойынша 150 ЖББ мектепте “Жігіт сұлтаны -2024” байқауы болып өтті. Мақсаты: ұлттық құндылықтарымызды ұлықтау, жігіттерімізді батырлыққа шешендікке, тапқырлыққа, имандылыққа тәрбиелеу, жігіттерді сегіз қырлы, бір сырлы болуға, яғни, жан-жақтылыққа баулу.

Міндеттері:

1. Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру.

2. Әр баланың бойындағы кабілеттерін ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапкырлык, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту.

3.Қазақ халқының ұлттық құндылықтарын, тілі мен мәдениетін, тарихын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің касиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу.

Байкау кезеңдері

1. «Тегімді менің сұрасаң» өз-өзін таныстыру кезеңі.

2. «Талапты ерге нұр жауар» өз өнерін көрсету кезеңі.

3. «Күш атасын танымас» спорттық сайыс кезеңі.

4. «Еңселі ер ел қорғаны» және құрастыру кезеңі. Калашников автоматын жартылай бөлшектеу

5. «Шешен жігіт сөз бастар» сұрак-жауап (казак халқының салт-дәстүрлері, этнография, мәдениет, тіл мен тарихқа байланысты).
9-11-сыныптан үздік деп танылған жігіттер сынға түсіп 11 “ А” сынып оқушысы Айтбаев Алишер аудандық кезеңге жолдама алды.

[media=https://www.instagram.com/reel/C2GvrrbIlUO/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==]

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: