Хабарландыру » КГУ "Общеобразовательная школа №150 им.М.Хамраева
Алматы қаласы Управления образованияның
«Общеобразовательная школа №150 имени "М.Хамраева»
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 245-59-10
Бухгалтерия
+7(727) 245-02-12
Версия для
слабовидящих
24
август
2023
  • 0

Хабарландыру

Мемлекеттік білім беру ұйымының педагог лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ! 2023-2024 оқу жылы

2023-2024 оқу жылына конкурстық негізде педагогтерді жұмысқа қабылдау ағымдағы жылдың 15 августынан басталады.

Алматы қаласы Алатау ауданы М.Хамраев атындағы №150 жалпы білім беретін мектеп КОНКУРС жариялайды

Мекен-жайы: Шапағат ықшам ауданы, Биянху улица №87

Контакты телефоны: 245-59-10

Эл.пошта: kgu_osh150@mail.ru

Конкурс Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 21 февральдағы №57 бұйрығының негізінде талаптарына сай жүргізіледі.

Конкурс төмендегідей негізгі бос орындарға жүргізіледі:                                                                                   

Ағылшын пәні мұғалімі  – 12 сағат

2023 жылдың 24 августынан бастап, мектептің қабылдау бөлмесінде құжаттарды қабылдау жүргізіледі.

 Конкурс өткізілетін орын:

Алматы қаласы  Алатау ауданы  М.Хамраев атындағы №150 жалпы білім беретін мектеп №2 кабинет.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:(118 тармақ бойынша құжаттар қабылдау)

1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) Жеке басын куәландыратын құжат;

3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) «Здоровье сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Здоровье сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 октябрьдағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда). Егер үміткердің педагогикалық еңбек өтілі бола тұра біліктілік санаты болмаған жағдайда және жоғары оқу орны мен кәсіптік оқу орнын бітірген жас мамандар үшін "Педагог" санаты бойынша Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты болу міндетті.

10) Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне,

кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/

академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

        Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесіне сәйкес, педагогикалық еңбек өтілі бар үміткер үшін педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы міндетті. Егер үміткердің педагогикалық еңбек өтілі бола тұра біліктілік санаты болмаған жағдайда және жоғары оқу орны мен кәсіптік оқу орнын бітірген жас мамандар үшін "Педагог" санаты бойынша Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты болу міндетті.

Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар "Enbek KZ" сайтына жарияланды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

29 август 2023 Хабарландыру
25 август 2023 Хабарландыру
23 август 2023 Хабарландыру
15 август 2023 Хабарландыру