"Алғыс айту" күніне арналған челлендж » КГУ "Общеобразовательная школа №150 им.М.Хамраева
Алматы қаласы Управления образованияның
«Общеобразовательная школа №150 имени "М.Хамраева»
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 245-59-10
Бухгалтерия
+7(727) 245-02-12
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих
» » "Алғыс айту" күніне арналған челлендж
01
март
2023
  • 0

"Алғыс айту" күніне арналған челлендж

М.Хамраев атындағы №150 жалпы білім беретін мектептің 1-4 сынып оқушылары арасында «Алғыс айту» күніне орай бейнероликтер челленджі ұйымдастырылды. Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.Мақсаты: Оқушылардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту
Міндеттері: а) ризашылық, рахмет, алғыс туралы түсінік беру;
ә) үлкен — кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым — қатынасын дамыту;
б) әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: