«Математика,информатика, физика» пән бірлестігінің  онкүндігі  » КГУ "Общеобразовательная школа №150 им.М.Хамраева
Алматы қаласы Управления образованияның
«Общеобразовательная школа №150 имени "М.Хамраева»
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 245-59-10
Бухгалтерия
+7(727) 245-02-12
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих
» » «Математика,информатика, физика» пән бірлестігінің  онкүндігі 
18
ноябрь
2021
  • 0

«Математика,информатика, физика» пән бірлестігінің  онкүндігі 

Мектебімізде 15-25 ноябрь аралығында «Математика,информатика, физика» пән бірлестігінің  онкүндігі жүргізілуде.

     Онкүндіктің ашылуына пән мұғалімдері бір кісідей атсалысты. Орта буынның оқушылары мен жоғары сынып оқушылары тартылды. Әр сыныптан оқушылар қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Арнайы құрылған жоспар бойынша пән мұғалімдері өздерінің ашық сабақтары мен іс-шараларын өткізуде.

   Алаева Лайлихан Айсаровна  11«А» сыныбында математика пәнінен  «n-чи дәрижилик томурниң хусусийәтлири» тақырыбында ашық сабақ көрсетті. Мұғалімнің сабағына жас мамандармен математика пәні мамандары қатысып,тәжірибе алмасты. Мұғалім өз сабағында оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін тиімді пайдаланды. Сабақ барысында топпен жұмыс, жұппен жұмыс жасады. Мұғалім мен оқушылар арасында жылы қарым-қатынас бар.Сабақта оқушылар топпен жұмыс жасап, жауапкершілікпен және қызығушылықпен берілген тапсырмаларды орындап отырды.Мұғалім сабақ  дағдыларына байланысты тапсырмаларды ұсынып, сабақ соңында оқушылармен кері байланыс орнатты. Сабақ өз мақсатына жетті. Сабаққа  қатысушылар өткізілген сабақтың барысына баға бере отырып, Лайлихан Айсаровнаға өз алғыстарын білдірді.

   

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: