«2019-2020 оқу жылының басталуы туралы»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ « М.ХАМРАЕВ АТЫНДАҒЫ №150 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ |
РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА №150 ИМ М.ХАМРАЕВА» УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ ГОРОДА АЛМАТЫ
|
050058 Алматы қаласы, 050058 город Алматы
Биянху көш., 87 ул.Биянху, 87
Тел/факс: 245-59-10 Тел/факс: 245-59-10
БҰЙРЫҚ№ ПРИКАЗ№
01.09.2019 жыл 01.09.2019 год
«2019-2020 оқу жылының басталуы туралы»
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 27 шілдедегі «Орта білім беру ұйымдарында 2019-2020 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы» №604 бұйрығына сәйкес, Алматы қаласы Білім басқармасының «Орта білім беру ұйымдарында 2019-2020 оқу жылының басталуы» туралы 31 қазан 2018 жылғы №17669 хатын жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1.Мектепте 2019-2020 оқу жылының басталуы 2019 жылдың 1 қыркүйек күні болып белгіленсін.
1.1.Оқу процесін ұйымдастыруда «2019-2020 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшіліктері туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің әдістемелік нұсқау хаты басшылыққа алынсын.
3.Оқу жылының ұзақтығы мектепалды дайындық сыныптарында -32 оқу аптасын, 1 сыныптарда- 33 оқу аптасын. 2-11(12) сыныптарда -34 оқу аптасын құрайды.
Оқу жылы барысындағы каникулдар:
-1-11(12) сыныптарда күзгі каникул-7 күн (2019 жылғы 28 қазан 3 қарашаны қоса алғанда), қысқы 10 күн (2019 жылғы 30 желтоқсан 2020 жылғы 8 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі -13 күн (2020 жылғы 21 наурыз 2 сәуірді қоса алғанда) мерзімінде белгіленді.
-Мектепалды даярлық сыныптары мен 1 сыныптарда 7 күн мерзімінде (2020 жылдың 3-9 ақпанды қоса алғанда) қосымша каникул берілді.
5.Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Имашев М.А жүктелінсін.
6.Жалпы басшылықты өз құзырыма қалдырамын.
Мектеп директоры Тохтахунова Г.А.