«2017-2018 оқу жылының басталуы туралы» » КГУ "Общеобразовательная школа №150 им.М.Хамраева
Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Хамраев атындағы №150 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 245-59-10
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-02-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
қыркүйек
2018
  • 0

«2017-2018 оқу жылының басталуы туралы»

БҰЙРЫҚ№                                                                                                         ПРИКАЗ№   

01.09.2018 жыл                                                                                                   01.09.2018 год

 

«2017-2018 оқу жылының басталуы туралы»

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы  5 шілдедегі  «Орта білім беру ұйымдарында 2018-2019 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы»  №4322 бұйрығына сәйкес, Алматы қаласы Білім басқармасының «Орта білім беру ұйымдарында 2018-2019 оқу жылының басталуы» туралы 24 тамыз 2018 жылғы №03-4-4/767  хатын  жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1.Мектепте  2018-2019 оқу жылының басталуы 2018 жылдың 1 қыркүйек күні болып белгіленсін.

1.1.Оқу процесін ұйымдастыруда  «2018-2019  оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін ұйымдарында  оқу процесін ұйымдастырудың ерекшіліктері туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің  әдістемелік нұсқау хаты басшылыққа алынсын.

3.Оқу жылының ұзақтығы мектепалды дайындық сыныптарында -32 оқу аптасын, 1 сыныптарда- 33 оқу аптасын. 2-11(12)  сыныптарда -34 оқу аптасын  құрайды.

Оқу жылы барысындағы каникулдар:

-1-11(12)  сыныптарда күзгі каникул-7 күн (2018 жылғы 29 қазан 4 қарашаны қоса алғанда), қысқы 10 күн (2018 жылғы 31 желтоқсан 2019 жылғы 9 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі -15  күн (2019 жылғы 21 наурыз 2 сәуірді қоса алғанда) мерзімінде белгіленді.

-Мектепалды даярлық сыныптары мен 1 сыныптарда 7 күн мерзімінде (2019 жылдың 4-10 ақпанды қоса алғанда) қосымша каникул берілді.

5.Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Курбанова С.Н  жүктелінсін.

6.Жалпы басшылықты өз құзырыма қалдырамын.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: