Іс-шаралар » Страница 10 » КГУ "Общеобразовательная школа №150 им.М.Хамраева
Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Хамраев атындағы №150 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 245-59-10
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-02-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қарттарды құттықтады
28
қыркүйек
2023
Қарттарды құттықтады
Қазан айының алғашқы мерекелерінің бірі ол біздің үлкен аталарымызбен апаларымыздың мерекесі. Бірінші қазан қарттар мерекесімен құттықтап, М.Хамраев атындағы 150 ЖББ мектептің “Өзін өзі басқару” ұйымы арнайы дайындаған ашық хаттарды таратты. Мақсаты: Оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру,үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
"Қарттарым-асыл қазынам" эссе байқауы
27
қыркүйек
2023
"Қарттарым-асыл қазынам" эссе байқауы
М.Хамраев атындағы 150 ЖББ мектепте Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тақырыбында эссе байқауы ұйымдастырылды. Байқау барысында 7 «А» сыныбының оқушылары белсенділік танытты. Оқушылар эсседе құрметті жас – даналықтың жасы екенін көрсетіп, ата-әжелері жақсы және пайдалы нәрселерді үйреткені туралы айтып берді.  
Ұлдар жиналысы өткізілді
21
қыркүйек
2023
Ұлдар жиналысы өткізілді
Қыркүйек айының 21-ы М.Хамраев атындағы 150 ЖББ мектепте 8-11 сынып оқушыларының ұл балаларына жиналыс өткізілді. Мақсаты: Ер балалар арасында зиянды әдеттердің алдын алу, спорттық іс-шараларға қатыстыру арқылы салауатты өмір сүру салтын насихаттау, өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіздік Қазақстанның бүгінгі мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру, от басында да, қоғамдық ортадағы тәрбиеде де ер
Жас таланттарды таңдау
20
қыркүйек
2023
Жас таланттарды таңдау
Қыркүйек айының 19-ы М.Хамраев атындағы 150 ЖББ мектептің 1-11 сынып оқушылары арасында жас таланттарды таңдау өткізілді. Оқушылар ән айтып, би билеп өз өнерлерін ортаға салды. Мақсаты: жастардың ой-арманын білу, олардың бойындағы талантты, рухани-мәдени әлеуетті, талпынысы мен жігеріне назар аудару.  
"Әсем қала - Алматы" құттықтау челленджі
15
қыркүйек
2023
"Әсем қала - Алматы" құттықтау челленджі
М.Хамраев атындағы 150 ЖББ мектептің оқушылары “Қала күніне” арнап, “ Әсем қала-Алматы” тақырыбында құттықтау бейнеролигін түсірді. Алматы қаласын дәстүрлі мерекесімен құттықтаймыз! Сол бабаларымыздың рухына сай, армандарына адал болып, биікті аласартпай өмір сүрейік!
Ана тілім - дана тілім», “Үштілділік заман талабы” атты көрме
13
қыркүйек
2023
Ана тілім - дана тілім», “Үштілділік заман талабы” атты көрме
«Қазақстан халқы тілдері» күніне орай №150 жалпы білім беретін мектебінде «Ана тілім - дана тілім», “Үштілділік заман талабы” атты стенд дайындалып,мектеп кітапханашысының ұйымдастыруымен әдеби кітаптар көрмесі оқушыларға ұсынылды.
"Полиглот" сайысы ұйымдастырылды.
13
қыркүйек
2023
"Полиглот" сайысы ұйымдастырылды.
Тілдер мерекесі күніне арналған "Полиглот" сайысы ұйымдастырылды. Мақсаты: қазақ,орыс,ағылшын тілдерінен алған білімдерін, дағдыларын нақты ситуацияда қолдана білу; ой – өрісін кеңейту; логикалық ойлауды дамыту; тілдік, зияткерлік, танымдық қабілеттерін дамыту; топта жұмыс істей білу; үш тілге деген қызығушылығын арттыру; қарым- катынас мәдениетін қалыптастыру.  
Отбасы күнімен құттықтады
12
қыркүйек
2023
Отбасы күнімен құттықтады
Отбасы-адамзат баласының дүниеге шыр етіп келгенде, есігін айқара ашып енетін үйі, өсіп ержететін, тәрбие алатын аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі. Қай заманда, қай елде болмаса да отбасының адамзат ұрпағына ықпал мен әсерін өмірдегі басқа еш нәрсені еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Отбасы күніне орай М.Хамраев атындағы 150 ЖББ мектеп оқушылары ата-аналарына өз сезімдерін білдірді. Ата-аналарымызды әрқашан да аялап, құрметтеп жүрейік!❤️
«Тіл ұлттық жаны» атты мектепішілік мәнерлеп оқу байқауы өтті
12
қыркүйек
2023
«Тіл ұлттық жаны» атты мектепішілік мәнерлеп оқу байқауы өтті
Бүгінгі таңда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту бағытында елімізде сан алуан іс-шаралар атқарылып отыр. Осыған орай №150 жалпы білім беретін мектепте 2-7 сынып оқушылары арасында «Тіл ұлттық жаны» атты мектепішілік мәнерлеп оқу байқауы өтті. Мақсаты: өзге ұлт оқушыларының қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, қазақ тілін қастерлеуге баулу, мемлекеттік тілдің өркендеп, дамуына , мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру.Оқушылардың ой-
"Ана тілім - дана тілім" атты мерекелік іс-шара
08
қыркүйек
2023
"Ана тілім - дана тілім" атты мерекелік іс-шара
М.Хамраев атындағы 150 ЖББ мектепте 5 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі күніне орай “Ана тілім-дана тілім” атты салтанатты жиын өткізілді. Жиын барысында оқушылар қазақ, ұйғыр, орыс, ағылшын тілдерінде өлеңдер айтып, мектебіміздің “Шәбнәм” би тобының әсем биі баршаны тәнті етті.