"Шебер қолдар" байқауы » КГУ "Общеобразовательная школа №150 им.М.Хамраева
Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Хамраев атындағы №150 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 245-59-10
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-02-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
ақпан
2024
  • 0

"Шебер қолдар" байқауы

150 жалпы білім беретін мектепте
“Бес күн - бес іс - шара” жобасы аясында 2-күн “Шығармашылық күн” бойынша, мектебімізде “Чевәр қоллар” тақырыбында 8-10 -сынып қыздары арасында байқау өткізілді.
Мақсаты: Қыздарға бойындағы нәзіктікті сезіндіру,өз ара қарым-қатынас орнатуға үйрету,достықты бағалауға,бос уақытын тиімді пайдалануға бағыт-бағдар беру.
Байқау барысында қыздар 1-кезеңде өздеріне бөлінген ұлт өкілдерінің киімін киіп,сол ұлт туралы ақпараттармен таныстырды. 2-кезең сол ұлттың тағамын дайындап әкелсе,3-кезеңде өзін басқа қырынан танытып шеберлігін көрсете білді. Байқау соңында әділ-қазылардың бағалауымен топ жарып түрк ұлтының өкілі болып шыққан 9 “Б” сынып оқушылары “Бас жүлде”, татар ұлтының өкілі болып шыққан 8”А” сынып оқушылары 1-орын,украин ұлт өкілдері болып шыққан 10”А” сыныбы 2-орын, грузин ұлт өкілдері болып шыққан 9”В” сынып оқушылары 3-орындарға ие болды. 8”Б” сыныбы “Милләтпәрвәр”, 8”В” сыныбы “ Яш визажист”,9”А” сыныбы “Маһир ашпәз” номинацияларымен марапатталды.

[media=https://www.instagram.com/reel/C22Jf2msY0S/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==]

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: