Жыл қорытындысы » КГУ "Общеобразовательная школа №150 им.М.Хамраева
Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Хамраев атындағы №150 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 245-59-10
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-02-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
желтоқсан
2023
  • 0

Жыл қорытындысы

Жыл қорытындысы:
М.Хамраев атындағы №150 жалпы білім беретін мектеп жыл бойы жеткен жетістіктері көп.Оған дәлел - ұстаздарымыз түрлі деңгейдегі байқауларда топ жарып, оқушыларымыз үздіктер қатарынан көрінді.
🏅“Оқуға құштар” жобасы аясында өткізілген аудандық байқауда 6-сынып оқушысы Омаров Мухтәржан 1 орынды иеленді.
🏅Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай “АЛМАТЫ БАЛАFEST” қалалық балалар фестивалі аясында Алатау ауданы мектеп оқушылары арасында өткен “Жасыл Алматы” байқауына М.Хамраев атындағы №150 ЖББ мектебінің 11 “А” сынып оқушысы Амутов Бахадур белсенді қатысып, “Эко-қала” номинациясы бойынша жеңімпаз аталып, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
🏅Қазақстан Республикасы күніне орай «Менің армандымдағы Қазақстан» атты педагогтер арасында өткен қалалық эссе байқауына мектебіміздің ұйғыр тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Алимова Камилям Талипжанқызы қатысып, I дәрежелі дипломмен марапатталды.
🏅10 «А» сынып оқушысы Эргашева Ирада жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиадасының қалалық кезеңіне орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі пәнінен қатысып, 3 орын жүлдегері атанды.
🏅М.Хамраев атындағы №150 ЖББ мектептің 4 «В» сынып оқушылары «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйыммдастыруымен жалпы білім беретін мектептерге арналған «Ақбота» зияткерлік олимпиадасына қатысып, Ахунжанова Русалина 2 орын иегері, Ташбулатов Зариф 3 орын иегері атанды. Сынып жетекшісі: Гаитова Ш.Т.
🏅Республикалық ( 8-11 сыныптар арасында) жалпы білім беретін пәндер бойынша зерттеу жобалар конкурсына 10”б” сынып оқушысы Абдурахманова Амиля қатысып, 3 орынды иеленді. Жетекшісі : қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Амутова К.Ш.
🏅Қараша айының 25 жұлдызында Алматы қаласының “Армия үйінде” қалалық “Отан дауыс” атты патриоттық әндер фестивалі өткізілді. Бұл үлкен іс-шараға Алатау ауданынан М.Хамраев атындағы 150 ЖББ мектептің 3 “Б” сынып оқушысы Турсунова Диляра, 8 “А”, “Б”, “В” оқушылары АӘД пәні мұғалімі Баратов Р.И., музыка пәні мұғалімі Турганов Т.Т. және мектеп хореографы Шаваева М.Ш. жетекшілігінде қатысты.
[media=https://www.instagram.com/reel/C1RC-tsoVnO/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==]

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: