"Жас Ұлан", "Жас қыран" ұйымына қабылдау » КГУ "Общеобразовательная школа №150 им.М.Хамраева
Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Хамраев атындағы №150 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 245-59-10
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-02-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Жас Ұлан", "Жас қыран" ұйымына қабылдау
01
желтоқсан
2023
  • 0

"Жас Ұлан", "Жас қыран" ұйымына қабылдау

Еліміздің ертеңі...
Алматы қаласы, Алатау ауданы М.Хамраев атындағы 150 ЖББ мектебінде жетоқсан айының 1 жұлдызында “Елімнің ертеңі – Мен, Жас Ұлан!» атты тақырыпта мектеп оқушыларын республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» және “Жас Қыран” балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылдау салтанатты жиыны өткізілді. Қабылдау жиынына 2 және 5 сынып оқушылары қатысып, «Жас Қыран» ұйымына 33 оқушы, « Жас Ұлан» ұйымына 36 оқушы қабылданды. Салтанатты жиын барысында «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының Туы ортаға кіргізіліп, ұйымның гимні шырқалды. «Жас Ұлан» ұйымының ұланбасы Абдрахманова Амиля ұйымға қабылданушы оқушыларға сап түзетіп, “Жас Ұлан” мен “Жас Қыранның” қандай болу керек екендігін айтты. Оқушылар ұйымның арнайы Ант беру рәсімі бойынша Ант берді. Жиынның маңызды сәті, «Жас Ұлан», “Жас Қыран” ұйымына қабылданатын оқушыларға туымыз түстес көгілдір галстук пен төсбелгі, табыстау мәртебесі мектептің әкімшілігі мен ардақты ұстаздарына тапсырылды. Оқушылар «Жас Ұлан», “Жас Қыран” ұйымына салтанатты түрде қабылданып, ұйымның мүшесі атанды.
Еліміздің ертеңі келер ұрпақтың қолында десек, артық емес. Мектептегі тәрбие бөлімінде «Жас Ұлан» өзін-өзі басқару ұйымының алатын орны ерекше. Ел басқарған – президентте, ғарышты бағындырған – ғарышкерде, бәрі-бәрі мектептен шығатыны белгілі екені қақ. М.Хамраев атындағы 150 ЖББ мектебінде алар асулары мен бағындырар белестері, шығар шыңдары мол оқушылардың барына кәміл сенеміз. Дихан егінімен мақтанса, мұғалім оқушыларымен мақтанады. Сол сияқты бүгінгі күн біз үшін ерекше күн...

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: