Хабарландыру » КГУ "Общеобразовательная школа №150 им.М.Хамраева
Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Хамраев атындағы №150 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 245-59-10
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-02-12
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
қараша
2023
  • 0

Хабарландыру

Конкурс өткізілетін орын:
Алматы қаласы Алатау ауданы М.Хамраев атындағы №150 жалпы білім беретін мектеп.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:(118 тармақ бойынша құжаттар қабылдау)
1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) Жеке басын куәландыратын құжат;
3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда). Егер үміткердің педагогикалық еңбек өтілі бола тұра біліктілік санаты болмаған жағдайда және жоғары оқу орны мен кәсіптік оқу орнын бітірген жас мамандар үшін "Педагог" санаты бойынша Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты болу міндетті.
10) Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне,
кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/
академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

15 қыркүйек 2023 Хабарландыру
29 тамыз 2023 Хабарландыру
25 тамыз 2023 Хабарландыру
24 тамыз 2023 Хабарландыру
23 тамыз 2023 Хабарландыру