"Сыңғырла, соңғы қоңырау" салтанатты жиыны » КГУ "Общеобразовательная школа №150 им.М.Хамраева
Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Хамраев атындағы №150 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 245-59-10
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-02-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Сыңғырла, соңғы қоңырау" салтанатты жиыны
01
маусым
2023
  • 0

"Сыңғырла, соңғы қоңырау" салтанатты жиыны

Бүгін М.Хамраев атындағы №150 ЖББ мектепте “Сыңғырла, соңғы қоңырау” атты түлектеріміз үшін іс-шара ұйымдастырылды.
Мектеп қашанда жақсылық пен ізгіліктің, парасаттылық пен руханиятқа толы ойдың, таным мен тәрбиелі істердің ордасы болған. Біздің перзенттеріміз де осында өткізген оқушылық өмірлерінде осындай ұлағатты істердің ұшқынын бойына сіңірді, тәлімімен жүрегін суарды. Енді оларды өздерінің асыл ұясы - мектебі түлек етіп ұшырғалы отырған күннің де куәсі болдық.
Іс-шара барысында үздік оқушыларға, белсенді ата-аналарға және оқу жылы барысында жетістікке жеткен ұстаздарға мадақтама қағаздары табысталды. Сонымен қатар көрнекті кәсіпкер, белсенді азамат Дилмурат Кузиев тарапынан «Кузиев Пирмухаммед-қажы атындағы отбасылық қайырымдық қоры» атынан екі оқушымыз 2 грант және мадақтама қағаздарымен марапатталды. Түлектер сіздерді алда өмірдің сан тарау жолдары күтіп тұр. Сол жолда бақыт үшін, өмірден лайықты орын алу үшін күресіп, алдағы уақытта тек қана сәттілік жар болсын, жетістіктерге қол жеткізіңдер, өмірден өз орындарыңды адаспай табыңдар! Бәрің де ақ жолмен аппақ көгершін-армандарыңа сүрінбей жетіңдер!

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: