Мектеп тарихы » КГУ "Общеобразовательная школа №150 им.М.Хамраева
Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Хамраев атындағы №150 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 245-59-10
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-02-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
31
мамыр
2023
  • 0

Мектеп тарихы

Шапағат ықшам ауданындағы Мұрат Хамраев атындағы №150 жалпы білім беретін мектептің тарихына тоқталып өтсек.

Шапағат ықшам ауданында орналасқан №85 орыс мектебінің орнына 1990 жылы 200 балаға арналған №150 орта мектеп, яғни ұйғыр тілінде білім беретін мектеп болып бекітілді.

1991 жылы Алматы қалалық Әуезов аудандық халық депутатының кеңесі ұйымдастыру  комитетінің 6 тамыз 1991 жылының №13/307 бұйрығына сәйкес түркішунас ғалым, филология ғылымдарының докторы М.Хамраевтың атауы беріледі.

Осы күннен бастап мектептің барлық іс-шараларына белсене қатысып жүрген Шапағат ықшам ауданының тұрғындары Һаким Мәшүров, Аблиз Хәйриев,  мектептің бірінші директоры Музәппәр Заитов, мәдениет орталығының мүшесі Ғилаждин Пәхирдинов, Маһмут Әхмәтов, Бурһандин Тажидинов, Аббас Әлиевтар зор еңбек сіңірген болатын. Ең негізгі мақсат мектепті жаңа оқу жылына дайындау болды. 1990 жылы 1 қыркүйек күні мектеп 1-сынып оқушылары – 28 бала, екі 2 сынып, екі 3 сынып, бір 10  сынып болып барлығы 349 оқушымен жаңа оқу жылын бастайды.

Келесі, яғни 1991-1992 оқу жылы оқушылардың саны 546ға жетеді.

Мектеп ашылған жылдан бері төмендегі қызметшілер  мектеп директорының қызметін атқарады.

  1. 1991-1993 жж. Музәппәр Заитов
  2. 1993-1998 жж. Рабийәм Әхмәтова
  3. 1998-2006 жж. Зихруллам Курманбакиев
  4. 2006-2007 жж. Рошәнгүл Ушурова
  5. 2007-2014 жж. Мунира Зиямова
  6. 2014-2022 жж. Гульмира Тохтахунова
  7. 2022 ж. 6 қазан айынан бастап мектеп директорының қызметін Имашев Мухидин Абдухелил ұлы атқарып жатыр. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: