«Функционалдық сауаттылық заманауи білім берудің мақсаты мен нәтижесі» тақырыбында қалалық семинар өткізді » КГУ "Общеобразовательная школа №150 им.М.Хамраева
Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Хамраев атындағы №150 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 245-59-10
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-02-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Функционалдық сауаттылық заманауи білім берудің мақсаты мен нәтижесі» тақырыбында қалалық семинар өткізді
31
мамыр
2023
  • 0

«Функционалдық сауаттылық заманауи білім берудің мақсаты мен нәтижесі» тақырыбында қалалық семинар өткізді

18.05.2023 ж күні Алматы қаласы, Алатау ауданы , М.Хамраев атындағы №150 ЖББ мектепте ұйғыр тілі мен әдебиеті пәндері бірлестігінің ұйымдастыруымен «Функционалдық сауаттылық заманауи білім берудің мақсаты мен нәтижесі» тақырыбында қалалық семинар өткізді. Іс-шараға Әуезов ауданы №153 мектеп-гимназиясының үйғыр тілі мен ідебиеті пәні мұғалімдері Илиева Р.Т, Дуганова Г.М, Алатау ауданы №156 ЖББ мектептің ұйғыр тілі мен әдебиеті мұғалімі Авамсалимов А.А., Турксіб ауданы №89  ұйғыр тілі мен әдебиетінің мұғалімі  ЖББ мектептің Сраилова М.М., Жетісу ауданы №101 мектеп-гимназиясының ұйғыр тілі мен әдебиетінің мұғалімі  Р.М.Мухамметова, М.М.Саутовалар қатысты.

            Семинардың мақсаты: «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында ұйғыр тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» .

           Семинар қатысушыларын 13.00-13.13.30 уақыты аралығында тіркеу ұйымдастырылды. М.Хамраев атындағы №150 ЖББ мектеп директоры Имашев М.А  келген қонақтарды жылы лебізбен қарсы алып, семинардың басталуымен құттықтады. Мектеп басшысы білім ордасының бүгінгі тынысымен және қол жеткізген жетістіктерімен таныстырып, өзінің ізгі тілектерін жолдады.

           Семинар жоспары бойынша ұйғыр тілі мен ұйғыр әдебиеті пәні мұғалімі Хамраев Х.М   6«Б» сынып  оқушыларымен   ұйғыр әдебиеті  пәнінен « Ч.Айтматов.  «Оғлум билән көрүшүш» һекайиси тақырыбында сабақ өткізді.

         Семинар жоспары бойынша ұйғыр тілі мен ұйғыр әдебиеті пәні мұғалімі Алимова К.Т   7«А» сынып  оқушыларымен   ұйғыр тілі  пәнінен « Чүш көрүш » тақырыбында сабақ өткізді.

           Семинар соңында өткізілген сабақтарға талдау жұмыстары жүргізіліп,қалалық мектептерден келген мұғалімдер сабақтардың жоғары дәрежеде өткенін айтып, кері байланыс орнатты. Сондай-ақ, оқушылардың сабаққа белсене қатысқанын ерекше атап өтті.

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: