Хабарландыру » КГУ "Общеобразовательная школа №150 им.М.Хамраева
Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Хамраев атындағы №150 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 245-59-10
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-02-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
қаңтар
2023
  • 0

Хабарландыру

📢📢📢 ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
Алматы қаласы білім басқармасы Алатау ауданы білім бөлімінің «М.Хамраев атындағы №150 жалпы білім беретін мектебі» КММ-сі келесі лауазымдар бойынша бос орындарға КОНКУРС жариялайды:

1. Математика пәні мұғалімі - 2 орын

2. Мектеп психологы - 1 орын

ПӘН МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ЛАУАЗЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ:
Кандидаттар оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес және "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасының негізінде оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады, білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оның әлеуметтенуіне ықпал етеді, білім алушының жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға ықпал етеді. Оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді түрлерін, әдістері мен құралдарын қолданады. Қысқа мерзімді жоспарларды, бөлімдер мен тоқсанның суммативті бағалауға арналған тапсырмаларды жасайды. Электронды журналдарды толтырады. Оқу бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспары мен оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді. Әдістемелік бірлестіктердің, әдістемелік кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтары мен бейімділігін зерттейді. Кәсіби құзыреттілікті, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті арттырады. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын орындайды. Білім алушылар, тәрбиеленушілер, арасында академиялық адалдық қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.
БІЛІКТІЛІККЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР: тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі немесе жұмыс өтіліне талап қойылмайды немесе тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік педагогикалық білімі болуы тиіс. Және (немесе) бар болған жағдайда біліктілігі жоғары деңгейдегі педагогикалық жұмыс өтілі үшін педагог-шебер – 5 жыл. Педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші кемінде 4 жыл.
ДЕФЕКТОЛОГ-ЛОГОПЕД ЛАУАЗЫМЫНЫҢ БІЛІКТІЛІГІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР: мамандығы бойынша жоғары білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды немесе тиісті бейіні бойынша техникалық және кәсіптік білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды, ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен түзету жұмыстарын жүзеге асырады. Білім беру ұйымдарында инклюзия қағидаларын дамытады.Білім алушылардың психикалық, физикалық және физиологиялық бұзылуларына диагностика жасайды, олардың құрылымы мен айқындылық дәрежесін анықтайды. Мұғалімдермен және басқа да мамандармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді, бұзылған функцияларды түзету және қалпына келтіру және мүмкіндіктері шектеулі білім алушыларды әлеуметтендіру бойынша топтық және жеке қызметті жүзеге асырады. Балаларға көмек көрсетудің арнайы әдістері мен тәсілдерін қолдану бойынша педагогтарға, білім алушылардың ата-аналарына немесе оларды алмастыратын адамдарға кеңес береді.Тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру стандартының талаптарына сәйкес оқытудың әртүрлі нысандарын, тәсілдерін, әдістері мен құралдарын пайдаланады. Арнайы білім беру бағдарламаларын іске асырады.
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ОҚЫТУ ҰЙЫМЫНЫҢ ТӘРБИЕШІСІ ЛАУАЗЫМЫНЫҢ БІЛІКТІЛІГІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР: Балалардың денсаулығын сақтау мен қорғау қызметін қамтамасыз етеді: оларды оқыту мен
тәрбие беруде денсаулық сақтайтын технологияларды қолданады.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талабына, жас ерекшелік топтарының үлгілік оқыту жоспары бойынша оқу қызметінің кестесіне сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асырады, пәндік-дамытушылық ортанын қалыптастырады, балалардың шығармашылығына (ойындық, танымдық, қозғалыс, көркемөнер, еңбекке баулу) жетекшілік етеді.Тәрбиелеу мен оқыту қызметін қол жеткен жетістіктерді қорытындылай отырып жоспарлайды.Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқыту барысында ата-аналарға консультативтік көмек беруді іске асырады.
Бос лауазымдардың мерзімі: белгіленбеген уақытқа.
Конкурсқа Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін және төмендегі көрсетілген тізім бойынша құжаттарды ұсынған педагогтер қатысады.
КОНКУРСҚА ҰСЫНАТЫН ҚҰЖАТТАР ТІЗБЕСІ:
1) "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы" ҚР БҒМ 21.02.2012 жылғы №57 бұйрықтың 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10) педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
ҚҰЖАТТАР КОНКУРС ЖАРИЯЛАНҒАН СОҢҒЫ КҮННЕН КЕЙІНГІ КҮННЕН БАСТАП 7 ЖҰМЫС КҮНІ АРАЛЫҒЫНДА КЕЛЕСІ МЕКЕН-ЖАЙ БОЙЫНША ЭЛЕКТРОНДЫ НҰСҚАДА НЕМЕСЕ ҚАҒАЗ ТҮРІНДЕ ҚАБЫЛДАНАДЫ:
Алматы қаласы Алатау ауданы Шапағат ықшам ауданы Биянху көш есі 87
Тел: 8(727)245-59-10
Эл.пошта: kgu_osh150@mail.ru

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: