«Мың бала» республикалық жобасының жеңімпазы атанды! » КГУ "Общеобразовательная школа №150 им.М.Хамраева
Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Хамраев атындағы №150 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 245-59-10
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-02-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мың бала» республикалық жобасының жеңімпазы атанды!
28
қараша
2022
  • 0

«Мың бала» республикалық жобасының жеңімпазы атанды!

28.11.2022ж күні Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. «Мың бала» жобасы 2015 жыл­дан бері Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен «Қазақ­тану» жалпыұлттық жобасы аясында ұйымдастырылып келеді. Бүгінде бұл жоба әртүрлі ұлт өкілдерінің жас­тарына қазақ халқының дәстүрін, мәдениетін және тілін үйретуге арналған жақсы бастамаға айналды. Салтанатты шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – хатшылық меңгерушісі Марат Әзілханов, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Дементьева Н.Г.-мен бірге бір қанша мәжіліс депутаттары, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Қыдырәлі Дархан Қуандықұлы, шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдері, этноағарту кешендерінің әдіскерлері және жастар ұйымдарының белсенділері қатысты. Марапаттау салтанатына еліміздің барлық өңірінен 48 оқушы мен оқытушы келді.М.Хамраев атындағы 150 ЖББ мектептің 9 “Б” сынып оқушысы Абдулжанова жеңімпаз аталды. Байқау барысында Ильминур Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдық мерейтойына арнап, өз шығармашылыған “Алаш ардағы” атты өлеңін баршаға тарту етті. Мұнда оқушының өлеңді акцентсіз, нақышына салып тыңдарманға жеткізе білуі де бағаланды. Нәтижесінде, жеңімпаз атанған оқушылар арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Ильминурдың бұл табысы - қазақ тілі мен туған жеріне болған ықыласының арқасы деп білеміз.
Үлгілі оқушы Ильминур мен жетекшісі, қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Қәлбинур Амутованы құттықтай отырып, шығармашылық табыстар тілейміз!

   

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: