"Мұхтар Шахановтың 80 жылдық мерейтойына" орай өткізілген әдеби кеш » КГУ "Общеобразовательная школа №150 им.М.Хамраева
Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Хамраев атындағы №150 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 245-59-10
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-02-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Мұхтар Шахановтың 80 жылдық мерейтойына" орай өткізілген әдеби кеш
05
қазан
2022
  • 0

"Мұхтар Шахановтың 80 жылдық мерейтойына" орай өткізілген әдеби кеш

 

 Алматы қаласы, Алатау ауданы №150 ЖББ мектепте қазақ халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері, ақын Мұхтар Шахановтың 80 жылдық мерейтойына орай қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері жетекшілігінде оқушылармен бірлікте әдеби кеш өткізді.

Оқушылар мен ұстаздар ақынның  ұлттық рухқа, сезім, көңіл-күй лирикаларына негізделген жырларын оқып, жырсүйер қауымның қошеметіне бөленді. Автордың тыңдармандарға кеңінен танымал әндері шырқалды, «Шың басындағы оқиға» өлеңіне сахналық қойылым көрсетілді. Мұхтар Шахановтың әдебиет пен ұлт руханиятына, түркі ынтымағына сіңірген еңбегін көпшілік жақсы біледі. Өнегелі өмірін шығармашылыққа арнаған қайраткер мерейтойына арналған мәдени шара мектеп бишілеріміздің әсем биімен жалғасын тапты. Қазақ әдебиеті мен руханиятына қосқан өлшеусіз үлесі мен еңбегін айрықша атап өту,Мұхтар Шахановтың шығармашылығын дәріптеу, насихаттау, оның кезінде мемлекеттік қызмет саласындағы  істерін тілге тиек ету- іс-шараның басты мақсаты болып табылады. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: